British Council: IELTS-қа 6 апталық тегін дайындық курсы

IELTS емтиханын тапсырамын деп шешкен болсаңыз, дайындықты неден бастаймын деп бас қатырарыңыз сөзсіз.

Сізде дайындалуға екі мүмкіндік бар. Біріншісі — қалаңызда орналасқан сенімді дайындық курсына барасыз, немесе өз бетіңізше интернеттегі материалды қолданасыз. Ал біз сізге бұдан да жеңіл және екеуінің қосындысы British Council ұйымдастырған 6 апталық онлайн курсқа жазылуды ұсынамыз.

IELTS емтиханы маған не үшін керек?

Егер сіз дайындықты бастап кетсеңіз, бұл сұрақтың жауабын білесіз деген сөз. Ал әлі де сенімді емес болсаңыз, келесі мәліметтерді ұсынамыз:

  • Басқа елде білім алғыңыз келсе, көптеген шетел университеттері IELTS сертификатын қабылдайды;
  • IELTS — ең көп тараған экзамен түрі. 2016 жылы әлем бойынша 2,9 млн-ға жуық адам тапсырған.
Электронды курс не ұсынады?
  • Мамандардың IELTS нәтижесін жақсарту туралы кеңестері;
  • Экзаменде сенімді болуға көмектесетін шынайы IELTS сұрақтарына негізделген тапсырмалар;
  • Экзамен форматын таныстыратын тегін жаттығулар;
  • Speaking бөліміне дайындалуға арналған видеороликтер.
Бұл курс басты дайындық құралы бола алады ма?
  • Тапсырушының деңгейіне тікелей байланысты. Егер сіз экзамен форматы мен тапсырмаға жауап беру жолдарын білсеңіз, осы курсқа және басқа да интернет мәліметтеріне толықтай сенуіңізге болады.
  • Егер IELTS туралы бүгін естіп, ертең тапсыруым керек деп шешсеңіз, сенімді IELTS-қа дайындық курсын іздегеніңіз жөн. Ал курсты қосымша дайындық көзі деп қабылдау керек. Себебі, IELTS туралы сіз білу керек бір нәрсе бар. Экзамен ағылшын тілінің деңгейін емес, академиялық ақпаратты түсіну деңгейін анықтауға арналған.
Курс қашан басталады?

Белгіленген уақыты жоқ, кез келген уақытта тіркелуге болады. Сол уақыттан бастап 6 апта аралығында электронды поштаңызға сабақтар келіп тұрады.

Курсқа тіркелу 

Сәттілік! Бастысы — өзіңе деген сенімділік!

Комментарии закрыты.