Эразмус+ бағдарламасы бойынша оқу мен конкурсқа қатысу мүмкіндігі

Эразмус+ бағдарламасының Төртінші байқауының жариялануы аясында 2017 жылдың 2 қарашасында Алматы қаласы, Халықаралық Бизнес университетінде  (UIB) «Эразмус+ бағдарламасының Ақпараттық күні» өткізіліп жатыр,-деп Бағыт.кз сайты Халықаралық Бизнес Университетіне сілтеме бере отырып жазады.

Өткізіліп отырған  іс-шара барысында Қазақстанның жоғары оқу орындары мен басқа мүдделі тараптардың өкілдерін жаңа байқаудың шарттарымен, іріктеу тәртібімен, ұлттық және өңірлік басымдықтарымен таныстырылды.

Онымен қоса, Эразмус+ бағдарламасының шараларына қатысуға қызығушылық білдіргендерге тілек-кеңес берілді. Бұл іс-шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық Комиссияның Білім беру, аудиовизуалды құралдар мен мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігі (EAСEA), Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі және Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі бірлесіп ұйымдастыруда.

Бағдарлама биыл өзінің 30 жылдығын атап өтуде. ЕО-тың ең табысты бағдарламаларының бірі ретінде кеңінен танылған Эразмус+ бағдарламасы 9 миллионнан астам тікелей қатысушылардың өмірін байыта отырып, еуропалық интеграцияның және халықаралық байланыстың жағымды әсерінің нақты мысалы. Бүкіл әлемде өткізілетін бірқатар іс-шаралардың бірі ретінде, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ақпараттық күні Бағдарламаның жетістіктерін атап өтуге арналған.

Ақпараттық күнге ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының елшіліктерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Сонымен қатар іс-шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делегациясының ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбек Мэдсен қатысты.

Эразмус+ бағдарламасы жөнінде

«Эразмус+ бағдарламасы» Еуропалық Одақ қаржыландыратын білім беру, жастар және спорт саласында белсенділік пен ұтқырлықты қолдайтын бағдарлама. Бағдарлама өзінің мүмкіндіктерін жоғары оқу орындарының студенттері мен қызметкерлері үшін және бүкіл әлемдегі мекемелер үшін ұсынады. Бағдарлама жаңа оқу бағдарламалар, оқу-әдістемелер және оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдердегі білім беру жүйесін жаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асырады. Эразмус+ бағдарламасы студенттерге, сондай-ақ, білім беру мекемелерінің профессорлары мен әкімшілік қызметкерлеріне басқа елдерде білім алу және/немесе кәсіби тәжірибе алу үшін мүмкіндік береді.

Іс-шарада спикерлері мен қарастырылған мәселелер

Бағдарламаның өтуіне үлес қосып, оған төрағалық еткен Халықаралық Бизнес Университетінің ректоры, Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы аталмыш бағдарлама жөнінде қатысушылармен маңызды мәліметпен бөлісті. ҚР Білім және ғылым министрлігі – Нарбекова Бану Мухатаевна, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің білім беру мазмұны мен әдістемесі басқармасының бастығы, ЖБРС тобының мүшесі де ақпарат күнінде бой көрсетті.

Халықаралық Бизнес Университетінің ректоры, Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы мен Қазақстандағы Францияның бас консулдығы – Университеттегі серіктестік жөніндегі атташе Жиль Мамец

ҚР-ғы Еуропа Одағының өкілдігі  — Серіктестік бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбэк Мадсен: «Эразмус+ бағдарламасы 2014-2020 жылдар аралығын қамтиды, бұл бағдарлама ЕО-дан басқа мемлекеттердің жастарына де білім алмасуға, оқуға, үйретуге негізделген. Қазақстан мемлекеті Еуропалық Одақ серіктестері арасында алдыңғы орында тұр»,-деді.

Қазақстандағы Францияның бас консулдығы – Университеттегі серіктестік жөніндегі атташе Жиль Мамец: «Қазақстан оқу бағдарламаларын дамытуда орасан зор үлес қосып келеді, сондықтан біздер ортақ тіл табысып келеміз. Бұл жерге біз сіздерді қолдау үшін сұрақтарыңызға жауап беру үшін келіп отырмыз, олай болса бізді қолданып, керекті ақпаратты біліп алыңыздар»,- деп сөзін аяқтады.

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық Кеңсесі (ЭҰҚ) Тасболатова Шайзада Өмірзаққызы, Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі:  «Эразмус+ бағдарламасының 4-ші рет ұйымдастырылған сайыс басталып кетті. Біздің мақсатымыз осы конкурсқа қызығушылық білдірген оқу-орындарына керекті ақпаратпен бөлісу. Бұл конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 8 ақпанға дейін тапсыру керек. Ал оның нәтижесі тамыз айында жария болмақ. Бұған дейінӘзірше, Қазақстан Орта Азия мемлекеттері арасында Эразмус+ бағдарламасы бойынша ең көп грантқа иеленген ел болып қала береді»,-деді.

Эразмус+ бағдарламасы бойынша оқуға тапсырғысы келетіндер назарына

Осы бағдарлама бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасымен жұмыс істейтін оқу орындары арқылы құжаттарын тапсыра алады. Бүгінде бұл бағдарламаны қолданатын бірқатар қазақстандық оқу орындары бар, олар: ҚазҰУ, Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті және көптеген басқа қалалардағы университеттер де кіреді.

 ЕО ұсынған гранттар тізімі 

Бағдарлама жөнінде толық ақпарат

Қосымша ақпарат алу үшін:

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова ханым: тел.: + 7 (727) 311-86-45, neo@erasmusplus.kz

 Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова ханым: тел.: + 7 (7172) 9745-67, Elnara.BAINAZAROVA@eeas.europa.eu

Комментарии закрыты.