18-22 жас аралығында болсаңыз, «Тілдарын» Олимпиадасына қатысыңыз

Олимпиада 10 қараша күні Ақмола облысы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтеді.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді,- деп Бағыт.кз сайты Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме бере отырып жазады.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқау ағымдағы жылдың 10 қарашасында Ақмола облысы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтеді.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы қалалық және облыстық іріктеу кезеңдердің жеңімпаздары қатысады. Үміткерлер үш тілде берілген тапсырмалардың мазмұнын ашумен қатар тіл мәдениеті мен сауатты аударма жасай білу деңгейлерін көрсетеді. Сайыскерлердің білім деңгейін арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Толығырақ білгіңіз келсе мына байланыс телефоны арқылы хабарласуыңызға болады: 8(7172) 40-83-93, 8 708 923 41 64.

Комментарии закрыты.