Fame Lab: ғылымға жақын болсаңыз

Ғылым туралы білгеніңді әлеммен бөліс! Ұлыбританияға бару мүмкіндігін жеңіп ал!

Егер сіз ғылыми концепцияны 3 минутта ағылшын тілінде қызықты етіп түсіндіре алсаңыз, Fame Lab конкурсы сізге арналған.
Кімдер қатыса алады?
  • технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика мамандығында білім алушылар
  • жоғарыдағы салалар бойынша мемлекеттік/ жеке сектор қызметкерлері
  • 21-40 жас аралығындағы
  • ағылшын тілінде ойын еркін жеткізетін кез келген адам
Кімдер қатыса алмайды?
  • коммуникация саласының қызметкерлері
  • ғылымға қатысты мекемелердің баспасөз, қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері
  • қызметі ғылымға қатысты өнер қайраткерлері
  • шығармашылығы ғылымға қатысты орындаушылар
  • ғылыми орталықтардың қоғаммен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерлері
  • журналистер — радио және тележүргізушілер (егер басты жұмыс орны болса)
Қатысу үшін
  1. ағылшын тілінде форманы толтыру керек
  2. формада видеоңыздың сілтемесін көрсетіңіз
Қандай видео?
  •  3 минуттық (ұзақ видеоның 3 минуты ғана бағаланады)
  • монтаж бен арнайы эффектілер қолдануға болмайды
  • музыкалық фон болмау керек
  • басқа адамдар және артық реквизит керек емес
  • ағылшын тілінде сөйлеу МІНДЕТТІ

Видеоның сапасы бағаланбайды, сондықтан смартфонға түсірілсе жеткілікті. Ағылшын тілінің деңгейін тексермейді, ойыңызды еркін жеткізе алсаңыз жеткілікті.

  • You Tube, Vimeo платформаларына жүктеп сілтемесін көшіріңіз
  •   онлайн формаға тіркеңіз
  • famelab@kz.britishcouncil.org почтасына да «Видеозаявка на участие в конкурсе FameLab в Казахстане 2017-18» тақырыбымен жіберуге болады (сенімді болу үшін), осы почтаға сұрағыңыз болса қысылмай жаза беріңіз
Ары қарай не болады?

Егер іріктеуден өтсеңіз, ағылшын тілінде коммуникация негіздерін үйрететін мастер-классқа шақырту аласыз. Осы этапты жартылай финал деуге болады.

Финал & Сыйлықтар
  • Ұлттық финалдың жеңімпазы — 700 000 теңге және Ұлыбританияда Қазақстанды Fame Lab-тың халықаралық финалында таныстыруға мүмкіндік алады.
  • 2-орын — 350 000 теңге
  • 3-орын — 350 000 теңге

Ал Ұлыбританияға барып, өзге де финалистермен кездесу, жаңа таныстар мен ғылыми ортада өзіңді көрсету — керемет мүмкіндік!

Дедлайн

17 желтоқсан 2017 жыл

Толық ақпарат

Сәттілік! Ойға алып, іске асыру қажет!

 

 

Комментарии закрыты.