Nazarbayev University: магистратураға дайындық жылы

 

NU-ға магистратураға тапсырғым келеді, бірақ IELTS баллым жетпейді.

2017 жыл қарашаның 8-не дейн Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына тапсырып, магистратураға грант ұтып алыңыз. 7-айлық бағдарлама потенциалды студенттердің тілдік деңгейін көтеріп қана қоймай, Университеттің магистратура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды ұштауға көмектеседі.

Бағдарлама аяқталған соң не істеймін?

Бағдарламаға іріктеуден сәтті өткен үміткерлер мемлекеттік грант иегерлері атанады. Грант оқу құны, айлық шәкіртақы сияқты бағдарламада оқудың басты шығындарын қамтиды. Сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен  магистратура бағдарламаларында оқуын жалғастырады.

Тапсыру үшін талаптар қандай?
  1. өтінім тапсыратын нақты магистратура бағдарламасына қабылдау қағидаларының ережелеріне (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс.
  2. IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 және әрбір бөлім бойынша ең төменгі балл 5.0 немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің баламалы қорытындысы болуы қажет.
Қысқаша айтқанда…

IELTS 5,5 баллмен Назарбаев Университетінің магистратурасына тапсырасыз. Егер түссеңіз, ағылшын тілінің деңгейін көтергенге дейін тегін 7-айлық дайындық курсын оқисыз.


Дедлайн                                   8 қараша 2017 жыл


Оқу ұзақтығы                           7 ай


Оқу орны                                 «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, Астана қ.   


Байланыс                                 Лаура Палуанова, +7 7172 694838,

laura.paluanova@nu.edu.kz 

Асия Бабаева, +7 7172 706487,

assiya.babayeva@nu.edu.kz


Толық ақпарат                        

Комментарии закрыты.